Отандық автокөлікті несиеге алатындар аз

841

Отандық автокөлікті несиеге алатындар аз

Отандық автокөліктерді сатып алушылардың тек 8%-ы ғана автонесиені пайдаланған. Жыл соңына дейін олардың үлесі мемлекеттік бағдарлама аясында бөлініп отырған транш есебінен артады деп күтілуде. Жыл басынан бері сатып алушылардың 6%-ы өздері алған сертификаттың арқасында ақшасын үнемдеді. Бұл туралы "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының басқарма төрағасы Олег Алфёров айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Одақ басшысы журналистерге 2017 жылдың алғашқы 9 айы бойынша есеп берді. Оның айтуынша, ішкі нарықта ҚазАвтоӨнеркәсіп үлесі 24%-дан 37%-ға дейін өскен.

"Отандық автокөлікті сату жыл басынан бері 13 129 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 64%-ға жоғары. ҚазАвтоӨнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 24%-дан 37%-ға дейін өсті", – деді спикер.

Сонымен қатар, елімізде 25 мың бірлік техника өңдеуге жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу