Отандық банктердің АӨК-ті несиелеу көлемі 16%-ға артты

694

Қазақстан банктерінің агроөнеркәсіптік кешенді несиелеу көлемі 16%-ға артты. АӨК-ке бағытталған мемлекеттік бюджет шығыстары 11%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандық банктердің АӨК-ті несиелеу көлемі 16%-ға артты

2022 жылдың қаңтар-маусым қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің ауыл, су, орман және балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған шығыстары 305,3 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғыға қарағанда 11,2%-ға артық.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы несиелер көлемі 156,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,4%-ға көп. 

Республика бойынша несиелеудің жалпы көлемінен агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалған үлесі 1,5%-ды құрап отыр. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңінің қорытындысы бойынша 1,3% болған. 

Осы жылдың алты айында агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалған несиенің ең көп көлемін Алматыдағы (72,7 млрд тг) банктер берді. Үштіктер қатарында Қостанай (19,7 млрд тг) және Солтүстік Қазақстан (13,4 млрд тг) облыстары бар.

ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында көрсетілгендей, ауыл және шағын қала тұрғындары да АӨК саласындағы жобаларға шағын несиелер ала алады. Оған 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу