Отандық банктерге елден 2024 жылға дейін рубльді әкетуге рұқсат берілді

413

Ел Үкіметі 11 шілде күні "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" қаулыны бекітті.

Отандық банктерге елден 2024 жылға дейін рубльді әкетуге рұқсат берілді Фото: halyq Uni

Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне елден 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Екінші деңгейлі банктерге Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", - делінген құжатта.

Қаулыны орындау Қаржы министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырылды (келісім бойынша).

Бұл қаулы 2024 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу