Отандық банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат етілмек

959

Тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Отандық банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат етілмек Фото: РБК

ҚР Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

“Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады”, - делінген қаулы жобасында.

Құжатты көпшілік талқылау 5 маусымға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу