Отандық банктерге Ресейдің "МИР" картасын қабылдауға рұқсат берілді

536

Бұдан былай ресейліктер Қазақстанда өздерінің "Мир" картасы бойынша операциялар жүргізе алады.

Отандық банктерге  Ресейдің "МИР" картасын қабылдауға рұқсат берілді Фото: EADaily

АҚШ-тың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  отандық банктерге осындай рұқсат берді. 

8 жыл бұрын Ресейді санкциядан қорғаудың негізгі элементі ретінде құрылған "Мир" жүйесінде  Ресейді қоспағанда 9 мемлекет бар еді. Қыркүйекте АҚШ-тың қаржы министрлігі жасаған ескертуден соң, санкциядан сескенген 6 ел бірден жүйеден бас тартты. 

Бірінші болып  Түркия, кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Вьетнамның да кейбір банкі ат тондарын ала қашқаны бар. Қазақстандағы Халық банкі де осындай шешім қабылдаған еді. Енді біздің елге рұқсат беріліп отыр. 

"АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі - шетелдік активтерді бақылау басқармасынан  хат алды, онда американдық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді", деді Банктік қызметті реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Бидайбек.

Вашингтоннан келген хатта операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту мақсатында пайдаланылмауы үшін қатаң бақылауда болатынын ескерткен. 

Төлемдер мен аударымдарды тек жеке тұлғалар қолдана алады. Ал банктер "Мир" карталарымен транзакция жасау-жасамауды өздері шештін болады. Қазір елдегі 3-банк, яғни, ресейдің үлесі бар  ВТБ, бұрынғы Сбербанк - Береке және Центр кредит бұл жүйеде бар. 

Сарапшылар, бұл - ақша жылыстату мен тероризмді қаржыландыру бағытында қолданылып кете ме деп алаңдайды. 

"Бұл банктердің тарнзакциясын агенттік бақылауда ұстау керек. Ресейліктер қыркүйекте елге ағылды. Кейбір деструктивті діни элементтер де осы жаққа келуге тырысты.Сондықтан, банктер теке процентке жұмыс істемей, ірі аударымдарды бақылап, ұлттық қауіпсіздік пен геосаяси жағдайды да ойлауы керек. Ал, карта бойынша қызметтердің қай бағытта жүретінін тәжірибе көрсетеді", дейді Банк секторы бойынша сарапшы Нұржан Биякаев.

МИР картасына қатысты экономистер оң пікірде. Олар бұл төлем жүйесі қазақстандық банктерге  жақсы ақша табуға көмектесетініне сеніп отыр. 

Динара Жоламанқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу