Құжатқа сәйкес, ғылыми ұйым қызметкерлеріне жыл сайын 56 күндік ақылы еңбек демалысы беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар ғалымдардың құқықтары, академиялық еркіндік және еңбекақы төлеудің бірыңғай тәсілдері бекітілді.
Заң аясында ғылыми қалашықтар мен технологиялық парктерді дамыту, ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіру және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға қолдау көрсету қарастырылған.
Құжатта жас зерттеушілерді қолдауға ерекше назар аударылған. Заңда PhD бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейтіліп, "жас ғалым" ұғымы енгізілді. Сондай-ақ ғылым саласына дарынды жастарды тартуға қолайлы жағдайлар жасалады.
Заңның тағы бір маңызды жаңалығы – ғылымды қажетсінетін аумақтарды, оның ішінде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктерді құру. Олар инновацияларды дамытуға, ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығын нығайтуға және жоғары технологиялық жобаларды іске асыруға арналған алаңға айналады.