Отандық ірімшіктің сапасы импорттық өнімдерден еш кем түспейді – министр

165

Ірімшік өндіру көрсеткіші 58 пайызға жеткен. 

Отандық ірімшіктің сапасы импорттық өнімдерден еш кем түспейді – министр Фото: canva

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте отандық ірімшіктің өндірісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Біз Ұлттық экономика министрлігімен жұмыс тобын құрып, сөрелерді босатып, оларға отандық өнімдерді көбейту мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыс жүріп жатыр. Бір күнде істелетін жұмыс емес. Екіншіден, отандық өнімді көбейтудеміз. Сапасы да қазір жақсарды, барлығы сүтке байланысты", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер отандық ірімшік не себепті қымбат деп нақтылады.

"Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бұл өнімнің қай тауар желісінде және дүкенде екендігіне байланысты. Жалпы алғанда, өнімді шығару кезінде бағасы төмен болады, бірақ та ортада делдалдар бар ма, өнім қай жерде сатылады – оның бәрін байқау керек. Жалпы (сауда үстемесі) 15 пайыздан аспауы тиіс", – деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, отандық ірімшіктің сапасы импорттық өнімдерден еш кем түспейді. 

"Оны адамдар өздері сапасына және бағасы қарай таңдайды ғой. Сондықтан да біз отандық өндірісті ұлғайтып жатырмыз. Ірімшік өндірісін 58 пайызға жеткіздік. Әрі қарай бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу жоспары бар", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу