"Біз бюджеттік шығыстарды бизнес пен жұмыспен қамтудың дамуын қамтамасыз ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады", – деді Мемлекет басшысы өз Үндеуінде.
Еске салсақ, кеше Президент Жарлығымен коронавирустің таралуына жол бермеу үшін республика бойынша төтенше жағдай енгізілген болатын. Кеше кешке қарай елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9-ға жетті.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу