banner

Отандық кәсіпорындар темірді сыртқа сатуға қойылған тыйымның пайдасын көріп жатыр

1013

Ел билігі қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын 6 ай мерзімге сыртқа шығаруға тыйым салған.  

Отандық кәсіпорындар темірді сыртқа сатуға қойылған тыйымның пайдасын көріп жатыр

Бұл бағыттағы қадам отандық металлургиялық кәсіпорындардың оң жамбасына келе кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы

"Отандық металлургиялық кәсіпорындарды жүктеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын 6 ай мерзімге автокөлікпен әкетуге тыйым салынды. Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі саудасы туралы қарым-қатынасында бұл шектеудің кедергі ретінде танылуына жол бермедік", деді Сауда және интеграция вцие-министрі Жанел Күшікова министрліктің алқа отырысында.

Осы шаралардың арқасында "Қайнар-АКБ" ЖШС аккумуляторлар мен қорғасын сынықтарын өңдеу ісін 18%-ға арттырған. Бұл Қазақстанда биыл 1,5 млн аккумулятор шығаруға мүмкіндік берген. Осылайша, өндірістің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 40%-ды құраған.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу