Отандық компания соғыс оты тұтанған шақта Ресейге дрон жіберген бе? – Қаржы министрі пікір білдірді

703

Ведомство басшысы бұл мәлімет жіті тексерілетінін атап өтті.  

 Отандық компания соғыс оты тұтанған шақта Ресейге дрон жіберген бе? – Қаржы министрі пікір білдірді Фото: ZMINA

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "қазақстандық компания Ресейге 500 дрон тасымалдады" деген халықаралық зерттеулерде жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдында Еуропадан, АҚШ-тан арнайы делегация келген болатын. Біз ол делегациямен келіссөздер жүргіздік. Егер де қандай да бір қауіп төнетін тауарлар сол жаққа (ред. – Ресей) өтетін болса, олар бізге (компанияның) тізімін береді. Біз сол тізімді мұқият қарайтын боламыз. Біздің мақсатымыз – санкциялық тауарларға жол бермеу", - деді Қаржы министрі тілшілердің сауалына берген жауабында.

Егер де біз оны көретін болсақ, әрине тиісті шараларды қабылдайтын боламыз, деді ведомство басшысы.

Ол санкциялық тауарлар бойынша ақпарат келіп түскен жағдайда, ондай тауарлар жіберілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар компанияға қатысты ақпараттың тексерілетінін айтты.

"Жалпы кез келген кәсіпкерді ұстап, оны қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз ғой. Нақты сіз айтып отырған компания бойынша ақпаратты тексеріп көрейік. Ол компания қаншалық қауіп төндіріп отыр немесе санкциялық қаупі бар ма дегендей", - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Журналист министрге "Қазақстаннан дрон қалай тасымалданған?" деген сауал қойды. 

"Бізде мыңдаған кәсіпкер бар. Олардың декларациясын тексеру керек қой. Мүмкін олар (құжатта) басқа тауар деп көрсеткен шығар", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу