Отандық құс фабрикалары жаппай жабылуы мүмкін

1142

Доллардың күрт көтерілуі құс шаруашылығына қажетті тауарлар – жем-шөп, вакцина, құрылғыларды қымбаттатқан.

Отандық құс фабрикалары жаппай жабылуы мүмкін

Отандық құс фабрикалары жаппай жабылуы мүмкін. Бұл салада жыл басынан жағдай қиындай бастаған. Қазір тіпті кіріс азайыпты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Кәсіпкерлер Егер ауыл шаруашылығы министрігі субсидиялаудың бұрынғы механизімін қайтармаса құс фабрикаларының жұмысы тоқтайды дейді. Олар қордаланған мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да жеткізген. Айтуларынша, қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайды қиындатқан. Доллардың күрт көтерілуі құс шаруашылығына қажетті тауарлар – жем-шөп, вакцина, құрылғыларды қымбаттатқан. Алайда жұмыртқаның бағасын өсіруге тиым салынған. Себебі ол әлеуметтік тауарлар тізімінде.

Отандық құс фабрикаларындағы жұмыртқаның өзіндік құны шекті бөлшек бағадан жоғары. Мәселені мемлекеттен берілетін субсидия ғана шеше алатын көрінеді. Ал ол 2020 жылы, яғни биылдан бастап тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу