Отандық лоукостер әуебилеттеріне жеңілдік жариялады

125

Науқан 28 және 29 шілде күндері өтеді.  

Отандық лоукостер әуебилеттеріне жеңілдік жариялады Фото: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan әуекомпаниясы барлық ішкі және бірқатар халықаралық бағыттарға 15% жеңілдікпен екі күндік әуебилеттері сатылымын жариялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2 күнге созылатын сатылым барысында жолаушылар 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығындағы сапарларға арнайы тарифтер бойынша билеттер сатып ала алады.

Жеңілдік FlyArystan әуекомпаниясының барлық ішкі рейстеріне, сондай-ақ келесі халықаралық бағыттарға қолданылады:

  • Астана – Ташкент – Астана;
  • Алматы – Самарқан – Алматы;
  • Алматы – Үргеніш – Алматы;
  • Алматы – Сиань – Алматы;
  • Астана – Үрімші – Астана;
  • Ақтау – Үрімші – Ақтау;
  • Ақтау – Баку – Ақтау;
  • Алания (Газипаша әуежайы) – Астана / Алматы және кері бағытта;
  • Кутаиси – Алматы / Астана / Ақтау / Атырау және кері бағытта.

FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді билет сатып алу кезінде бірге рәсімдеуді ұсынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу