Отандық лоукостер Өзбекстанның туристік кешенімен меморандум жасады

561

Құжатқа қол қою рәсімі Хиуа қаласында өткен баспасөз конференциясы аясында өтті.  

Отандық лоукостер Өзбекстанның туристік кешенімен меморандум жасады Фото: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan мен "Арда Хива" туристік кешені ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат Алматы – Үргеніш жаңа тікелей әуе бағытының іске қосылуы қарсаңында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп дамытуға негіз болады.

Іс-шараға Хорезм облысы әкімшілігінің өкілдері, жергілікті туроператорлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тараптар Хорезм өңірі мен Алматының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен маркетингтік бастамаларды жүзеге асыруға келісті.

Ынтымақтастық аясында "Арда Хива" туристік кешені FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша жаңа рейстерінің кестесіне сәйкес арнайы туристік пакеттер әзірледі. Пакеттерге қонақүйде тұру, трансфер және экскурсиялық бағдарлама кіреді, бұл саяхатшыларға сапарын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

"Арда Хива" – 2025 жылы Хиуа қаласында ашылған заманауи туристік кешен. Қонақүйлерді, гастрономиялық нысандарды, қолөнер шеберханаларын және демалыс аймақтарын бір жерге тоғыстырған кешен туристер үшін жаңа тартымды орынға айналды. Осындай ауқымды туристік нысанмен ынтымақтастық FlyArystan әуекомпаниясына өңірді қазақстандық саяхатшылар арасында кеңінен танытуға және жаңа бағыттың танымалдылығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу