Отандық әуе компаниясының паркі Airbus A320neo ұшағымен толықты

332

Әуе кемесі 188 жолаушыға арналған.

Отандық әуе компаниясының паркі Airbus A320neo ұшағымен толықты Фото: t.me/flyarystan_inform

EI-KFJ тіркеу нөмірі бар жаңа Airbus A320neo ұшағы Airbus компаниясының Тулузадағы зауытынан тікелей жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл FlyArystan авиакомпаниясының әуе паркіндегі 29-ұшақ болып саналады. Ұшақты авиакомпанияға тапсыру алдында Тулузада техникалық қабылдау жұмыстары жүргізілді.

FlyArystan мамандары қозғалтқыштар мен фюзеляжды қарап, жүйелерді, салонды және техникалық құжаттаманы тексерді. Жерүсті тексерулерінен кейін қабылдау рейсі орындалды. Оның қорытындысы бойынша ұшақ авиакомпанияға ресми түрде табысталып, Қазақстанға жол тартты.

Жаңа ұшаққа "Атрия" атауы берілді. Бұл – Оңтүстік Үшбұрыш шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыздың атауы.

A320neo – Airbus компаниясының тар фюзеляжды ұшақтар тобына жататын жаңа буын әуе кемесі. Ұшақ алдыңғы буын үлгілерімен салыстырғанда бір жолаушы орнына шаққанда шамамен 20%-ға аз отын тұтынады. Ал ұшу және қону кезіндегі шу деңгейі екі есеге жуық төмен. "Атрия" жеткізілгеннен кейін FlyArystan әуе паркінің жартысына жуығын жаңа буын ұшақтары құрады.

"29-әуекемесінің жеткізілуі – әуекемелері паркін кеңейту және Қазақстанның Орталық Азия авиациясындағы көшбасшылық орнын нығайту жолындағы тағы бір қадам. Қазіргі таңда жаңа буын әуе кемелері паркіміздің жартысына жуығын құрайды және бір жолаушы орнына шаққанда отынды аз тұтынады. Бұл бізге әуе билеттерінің қолжетімді бағасын сақтауға мүмкіндік береді. Біз Қазақстан ішінде және одан тыс жерлерге саяхаттайтын адамдардың санын арттыру үшін әуекемелері паркін дамытуды жалғастырамыз. Бұл ретте жолаушылар тек өздеріне қажетті қызметтер үшін ғана ақы төлейді", – деді FlyArystan президенті Йохан Эйдхаген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу