Отандық өндірушілер өнімінің "халал" екендігін қайта дәлелдеуден құтылды

486

ТМД елдерінде тұратын халықтың жалпы саны орта есеппен 290 млн, олардың кемінде 90 млн-ы мұсылман.

Отандық өндірушілер өнімінің "халал" екендігін қайта дәлелдеуден құтылды

"Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі" 101 Техникалық комитеті ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартпен бірлесіп ТМД елдері қолданатын ГОСТ стандарттарын әзірлеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазСтандарт мәліметіне сүйеніп.

"Бұрын ТМД елдері арасындағы Халал өнімдерінің өндірісі мен айналымы біріздендірілмеген стандарттарды қиындатты. Яғни Халал өнімдерін сату кезінде өндірушілер импорт елінде растау рәсімін қайта жүргізуге мәжбүр болды және бұл үшін қосымша уақыт пен ресурстар жұмсалады. Біз әзірлеген стандарттар қолданысқа енгізілгеннен бері, бұл рәсімдерден өтпеуге болады", – дейді "Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі" 101 Техникалық комитетінің төрағасы.

Халал өнімдерін өндіру тамақ индустриясының перспективалы және тез дамып жатқан салаларының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу