Энергетика министрлігі мен "Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық" бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Енді отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі 3000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін өсірілді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 2 млрд теңгеден асады. Бұл шаралар шығындарды 60 млн теңгеге дейін өтеуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Қосымша қолдау бизнеске түсетін қаржылық ауыртпалықты азайтып, сертификаттау кезіндегі тәуекелдерді төмендетеді.
Халықаралық сертификаттарға ие болу отандық өндірушілерге мұнай-газ операторларының сатып алуларына кеңірек қатысуға жол ашады. Сондай-ақ, бұл бастама экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.