Отандық өнімдер жәрмеңкесі өтті

1895

Отандық өнімдер жәрмеңкесі өтті

Оңтүстік Қазақстанда "RIC ON KO’RME" атты апталық жәрмеңке бастау алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Отандық өнімді қолдау және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараның салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. 

"Енді осындай үлгіде үлкен көрме ұйымдастыру қажет. "Оңтүстік" АИО және "Ырыс" микроқаржы ұйымының аудандарда да қаржыландырған жобалары көп. Сондықтан әр ауданда осындай жәрмеңке ұйымдастыру керек. Болашақта мұндай жәрмеңке тұрақты өткізіліп тұрса, әлеуметтік базарлар қалыптасады. Осылайша біз бағаларды арзандату және тұрақтандыруға қол жеткіземіз", - деді әкім.

Жәрмеңкеге "Максимум" ЖШС аймақтық инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алып, кәсібін жүргізген 40-қа жуық кәсіпкер қатысып, халыққа отандық өнімдерін төмен бағада ұсынды. Олардың қатарында балық және шұжық, жеміс-жидек, көкөністер, ет және сүт өнімдері бар. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтарды да табуға болады.

Жәрмеңкенің салтанатты ашылу рәсімінде балалар үшін ойын-сауықтар, және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, халыққа палау таратылды. Бір бұрышта жәрмеңкеге қойылған еттерден барбекю пісіріліп, халықтың берген бағасы арқылы ең дәмді ет анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу