Отандық, шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартуға маңызды қадам жасалды

699

Отандық, шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартуға маңызды қадам жасалды

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек парламент сенаты депутаттарына ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелді қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды.

"Жеке венчурлық инвестицияларды тарту арқылы инновациялық және технологиялық бизнеске қолдау көрсету әлемде кең таралған. Оның көлемі ондаған миллиард долларға жетеді. Мысалы: АҚШ - $52,1 млрд., Қытай Халық Республикасы – $15,5 млрд., Еуропалық Одақ –  $10,6 млрд., Үндістан - $5,2 млрд., Израиль - $1,9 млрд., Канада - $1,4 млрд.  Швейцария, Израиль және Сингапур сияқты инновациялық көшбасшы елдерде ұлттық венчурлық қорлар технологияларды әзірлеу мен енгізуде өте маңызды рөл атқарады. Бірақ инвестициялардың басым бөлігін жеке корпоративтік сектор іске асырады", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, заң жобасының мақсаты венчурлық қаржыландырудың құқықтық базасын құру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту.

"Ұсынылған заң жобасы отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартудың тағы бір маңызды қадамы", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу