banner

Отандық телекоммуникация нарығы 520 млрд теңге пайда тапты

1318

Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 480 млрд теңгені құраған. 

Отандық телекоммуникация нарығы 520 млрд теңге пайда тапты

Еліміздің телекоммуникация нарығы қарқын алып, табысы 8 айда 8 пайызға өсті. Осылайша қаңтардан тамызға дейінгі аралықта 520 млрд теңгеге жуық пайда тапты, деп хабарлайды Atameken Business.

Finprom.kz келтірген дерекке сүйенсек, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 480 млрд теңгені құраған. Кірістің басым бөлігін интернет әкелген. Жалпы табыстың 185 млрд теңгесі осы ғаламтор желісіне тиесілі. Бұл – нарықтың 36 пайызына тең.

Қазақстандағы 6 жас пен 74 жас арасындағы тұрғындардың 81 пайызы интернетті қолданады екен.

Ал мобильді байланыстың кірісі болса былтырғымен салыстырғанда керісінше 0,5 пайызға азайып, табысы 144 млрд теңгеден сәл асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу