Отандық туризм саласына E-QONAQ ақпараттық жүйесі енгізіледі

954

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық туризм саласына E-QONAQ ақпараттық жүйесі енгізіледі

Министр 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі туризм саласының үлесі кемінде 8%-ды құрайтынын, ал туристердің ішкі ағыны 8 млн адамға жететінін жариялады. 

"Кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі ұлттық жоба аясында елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында 1 мыңға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі туризм саласының үлесі кемінде 8%-ды құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға дейін ұлғаяды. Ал туризм саласындағы инвестиция көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, туризм саласын дамытуға заманауи технология енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесі жетілдіріледі. 

"Туристерге арналған орындардың 95%-ы E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтылады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу