Отандық тыңайтқыш өндірушілерге аванстық субсидия берілмек

280

Жаңа тәсіл отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялар нормасын 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.  

Отандық тыңайтқыш өндірушілерге аванстық субсидия берілмек Фото: agroexpert.md

Ауыл шаруашылығы министрінің отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тәсілін енгізу туралы жаңа бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тәсіл отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялар нормасын 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтуды көздейді, ал шетелдік өнім үшін ол тыңайтқыштардың ең төменгі құнының 50% деңгейінде қалады.

"Субсидиялаудың бұл түрі шаруаларға тыңайтқыштарды алдын ала арзандатылған бағамен алуға мүмкіндік берсе, ал отандық өндірушілерге сатудың кепілдендірілген көлемі қамтамасыз етіледі. Бұл тәсілді іске асыру арқылы тыңайтқыштарды пайдалануды ұлғайтуға ықпал етеді және химия өнеркәсібін дамытуды ынталандырады және өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейін арттыру бойынша алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы бұйрық негізінде 2023 жылы сатып алынған тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауға өтінім беру мүмкіндігі көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу