Отандық жеңіл атлеттер Минскідегі халықаралық сыннан екі медаль еншіледі

642

Турнирге 12 елден спортшылар қатысты.

Отандық жеңіл атлеттер Минскідегі халықаралық сыннан екі медаль еншіледі Фото: olympic.kz

25-26 ақпан күндері Беларусьтің Минск қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы халықаралық матчтық кездесуі өтті, деп хабарлайды olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 116 ұпай жинап, жалпы есепте оныншы орын иеленді. 

Турнирде Италия 241 ұпаймен көш бастаса, Беларусь 220, Польша 2018 ұпай иеленді. 

 

Біздің жеңіл атлеттер еншісінде екі медаль бар. Биіктікке секіруден сынға түскен Владислав Бахтин (210 см) мен Кристина Овчинникова (188 см) күміске қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу