"Отбасы банк" арқылы тұрғын үй сатып алудың бастапқы жарнасы төмендетіледі

755

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Отбасы банк" арқылы тұрғын үй сатып алудың бастапқы жарнасы төмендетіледі

"Отбасы банк" ипотекалық бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна құны 20%-дан 10%-ға дейін қысқартылады.  Жеңілдетілген несие мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты жылына  2-5%-ды құрайды", – деді министр. 

Оның сөзінше, жеңілдік қолданыстағы 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына ғана қатысты болады. 

Айта кетейік, қазір бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу