Отбасы банк басшысы жалға берілетін тұрғын үй алудың шартын түсіндірді

780

Субсидия бағдарламасының талабына сәйкес келмейтін 61 азаматтың өтініші мақұлданбады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өткен баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отбасы банк басшысы жалға берілетін тұрғын үй алудың шартын түсіндірді

"Бағдарлама басталған тұста 17 мың қазақстандыққа жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алуға шақырту хабарламасын жіберген едік. Оның ішінде 1662 азаматтан өтініш келіп түсті. Соның ішінде 259 азаматтың өтініші қанағаттандырылды. Яғни олар бағдарламаға қатысып, субсидия ала алады. Бұл бағдарлама үшін цифрлық платформа әзірленді, аталған жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматты автоматты түрде анықтайды. Оған банк қызметкерлері әсер ете алмайды. Азаматтардың жеке деректері мемлекеттік органдардың базасынан тікелей алынады", – деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы. 

Ләззат Ибрагимованың сөзінше қазіргі кезде 128 өтініш тексеріліп жатыр. 

“Кейбір өтініштер қабылданбай кері қайтарылуда. Субсидия бағдарламасының талаптарына сәйкес келмейтін 61 азаматтың өтініші кері қайтарылды. Оның себебі өтініш берген уақытта ұялы телефон нөмірін жазу керек. Ал ол мемлекеттік деректер базасындағы нөмірмен сәйкес келуі керек. Яғни екіжақта екі түрлі нөмір болса, өтінім мақұлданбайды", – деп түсіндірді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу