Отбасы банк салымшыларына өтемақы қашан түседі?

1002

Бүгінде банк жалпы сомасы 116 млрд теңге болатын 914 526 өтініш қабылдады.  

Отбасы банк салымшыларына өтемақы қашан түседі? Фото: ktk.kz

Өтемақы салымшылардың депозиттеріне 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне өтемақы төлеуге арналған қаражат түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде аударылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Отбасы банк депозиттерінде жинақталған қаражат көлемі бойынша ең жоғары сома - 52,9 млн теңгеге тең. Өтемақы төлемдерінің ережесіне сәйкес, 20 млн теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде өтемақы есептелетін болады. Жалпы 2022 жылдың 23 ақпандағы жағдай бойынша банкте 20 млн теңге өтемақы алатын 3 080 депозит бар", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Өтемақы туралы қосымша ақпарат алу үшін күнделікті 5000-нан астам пайдаланушының хабарламаларын сәтті өңдейтін Quanysh чат-ботына хабарласуға болады. Ол үшін +7 705 925 13 01 нөмірін контактілер тізіміне қосу керек.

"Отбасы банкінің салымшылар қоры жыл сайын артып келеді, қазір бізге 2,5 млн қазақстандық сенім артып отыр. Жыл сайын банк 600 мыңнан астам депозит ашып, 80 мыңға жуық несие береді. Ал біз үшін әрбір клиентпен жедел хабарласу, үнемі байланыста болу маңызды. Банкте бірнеше кері байланыс арналары бар, атап айтсақ бұл - байланыс орталығы, бейнебанкинг және чат-бот. Соңғысының көмегімен шоттың баламалы кодын  біліп, үзінді көшірме алып, біржолғы зейнетақы төлемдері (әрі қарай-БЗТ) мен субсидиялау бағдарламасы бойынша жолданған өтінімдердің мәртебесін білуге болады. Сондай-ақ Quanysh чат-боты банктің қызметтері мен өнімдері, өтемақылар мен мемлекеттік сыйлықақы туралы ақпарат бере алады", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу