Отбасы банкінде ашылған депозиттері бойынша 10% мөлшерінде кімдерге өтемақы қарастырылған?

625

Өтініштер онлайн және банк кеңесшілерінің көмегімен жолданады. 

Отбасы банкінде ашылған депозиттері бойынша 10% мөлшерінде кімдерге өтемақы қарастырылған?

Өтемақы – 2022 жылдың 23 ақпанындағы жұмыс күнінің аяғындағы қолданыстағы депозит сомасы бойынша салымшыға төленетін қаражат.

Ескере кету керек, аталмыш депозит 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz Отбасы банкінің сайтына сілтеме жасап.

  • Өтемақы 20 млн теңге шегіндегі салымның / салымдардың жалпы сомасына төленеді.
  • 10% көлеміндегі өтемақы жеке тұлғаның барлық салымдарына бір рет аударылады.
  • Өтемақы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей, төлем алу туралы келісімін шарт құруға өтінішін беру түрінде растаған салымшыларға ғана төленеді.

– Өтінішті 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін (қоса алғанда) Баспана маркет – www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинет арқылы немесе банк кеңесшілеріне хабарласу арқылы жолдауға болады, – деп хабарлады, банктің баспасөз қызметкерлері

Кәмелетке толмаған салымшылардың және кәмелетке толған, бірақ әрекетке қабілетсіз салымшылардың салымдары бойынша олардың заңды өкілдері өтінішті Банк бөлімшелерінде кеңесшілер арқылы береді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылатын салымшылардың депозиттері бойынша өтініштерді олардың заңды өкілі банк кеңесшілері арқылы бере алады.

Өтемақы алу үшін:

  • 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін (қоса алғанда) депозит бойынша өтемақының төленуіне өтініш беру қажет;
  • 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейін (қоса алғанда) ынталандырылатын салымды жаппау, тұрғын үй заемын рәсімдемеу, аралық/алдын ала займдарынан тұрғын үй заемына ауыспау, депозитті сатпау қажет;

Депозиттен қаражатты ішінара шешіп алуға болады (бөлу арқылы), бірақ өтемақы аталған кезең бойынша сақталған ең төмен қаражат қалдығы бойынша есептеледі. Оның үстіне, осы уақыт аралығында салымға қосымша толықтырылған қаражат есепке алынбайды.

ӨТЕМАҚЫ КЕЛЕСІ ДЕПОЗИТТЕР БОЙЫНША ТӨЛЕНЕДІ:

  • Ауыртпалық салынбаған депозиттер бойынша;
  • Аралық және алдын ала займдар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілген депозиттер, оның ішінде тұрғын үй заемдары берілген үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша;
  • Тегін табысталған депозиттер бойынша

Егер салымды тегін табыстау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізілсе, онда берілген салым бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтінішке қол қоюы керек (егер мұндай салымшының банкте бұдан өзге депозиттері болмаса немесе депозиттері бар, бірақ өтемақыға берілген өтініштері жоқ болса) (салымды берушінің өтініші бар- жоғына қарамастан);

Салымды бөлу нәтижесінде қалыптасқан депозиттер бойынша;

Біріктірілген депозиттер бойынша:

  • Егер біріктірілген депозиттер құрамында онлайн табыстау арқылы сатып алынған бір немесе бірнеше салым болса, онда бұл салымдар өтемақыны есептеу кезінде есепке алынбайды;
  • Егер біріктірілген депозиттер құрамында 23.02.2022 жылдан кейін ашылған бір немесе бірнеше салымдар болса, олар өтемақыны есептеу кезінде есепке алынбайды.

Өтемақы салымшының депозитіне аударылады, оның ішінде егер мұндай депозит несиелік қамтамасыз етуде болса да.

ӨТЕМАҚЫ КЕЛЕСІ ДЕПОЗИТТЕР БОЙЫНША ТӨЛЕНБЕЙДІ:

  • Депозит 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2023 жылдың 23 ақпаны (қоса алғанда) аралығында жабылса;
  • 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі (қоса алғанда) кезеңде, толығымен өтелген заем бойынша кепіл болған депозиттер бойынша;
  • 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша;
  • Онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.

Егер салымшының жалпы қалдық сомасы 20 000 000 теңгеден асатын екі және одан да көп депозиттері болған жағдайда, өтемақы салымдар сомасына пропорционалды, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын депозиттерге есептеледі.

Мысал:

  • Салымшының 2 депозиті бар: №1 депозит – 6 млн және №2 депозит – 15 млн теңге. Екі салымның жалпы сомасы 21 млн теңгеге тең, сома 20 млн теңге шегінде өтеледі.

Жалпы көлемі 20 млн теңгеден асатын депозиттер бойынша, әрбір салымға түсетін қаражат көлемін есептеу үшін, салым бойынша тиісті өтемақының үлесі есептеледі:

  • №1 депозит - 6 млн * 100% / 21 млн = 28,57%
  • №2 депозит - 15 млн * 100% * 21 млн = 71,43%

Аударылатын өтемақы сомасы:

  • №1 депозит бойынша - 20 млн * 28,57% * 10% = 571 400 теңге
  • №2 депозит бойынша - 20 млн * 71,43% * 10% = 1 428 000 теңге

Барлығы: аударылған \ екі депозит бойынша өтемақы сомасы = 2 млн теңге

ӨТЕМАҚЫЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЫСАЛДАРЫ:

№1 мысал

Депозит сомасы 2022 жылдың 23 ақпанының аяғында 600 000 теңгеге тең болды. Бір жылдың ішінде сіз депозитіңізді екіге бөліп, біреуін жауып тастадыңыз. Депозитте сақталған қаражаттың қалдығы бойынша ынталандырылатын минималды сома 300 000 теңге. Өтемақы 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта ең төмен депозит сомасына есептелетін болады. Яғни, 300 000 теңгеге 10% көлемінде өтемақы аударылады, бұл 30 000 теңге.

№2 мысал

2022 жылдың 23 ақпанындағы күннің аяғында депозитіңіздің сомасы 600 000 теңге болды. Бір жыл ішінде сіз салымыңыздағы қаражатты шешпей, толықтырып отырдыңыз делік. 2023 жылдың 24 ақпанында депозитіңіздегі сома 1 000 000 теңгеге жетті. Бұл жағдайда салымыңыздағы 600 000 теңгеге 10% көлемінде өтемақы төленеді, ол 60 000 теңгеге тең келеді.

№3 мысал

Жалпы сомасы 24 млн теңге болатын бірнеше депозит бар. Өтемақы депозиттердің жалпы сомасы 20 млн теңгеге есептелетін болады. Яғни 4 млн теңгеге өтемақы төленбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу