Отбасының әр мүшесіне 79 мың теңгеден субсидия беріледі

993

Отбасының әр мүшесіне 79 мың теңгеден субсидия беріледі

Маңғыстаулық 50 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті. Олар Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшеді, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған аймақтардың өкілдері жергілікті халықпен жүздесіп, оралмандар мен ішкі қоныс аударушыларды қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Еңбек ресурстарына қажеттілік жоғары өңірлерде азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бірінші кезекке қойылған. Сервистік қызмет түрлері мен әлеуметтік салаларда үш мыңға жуық бос орын бар. Егін салып, мал өсіріп, кәсіп ашамын деушілерге де есік ашық. Аймақтардағы кәсіпкерлік палаталардың мамандары шағын несиелер алудың тиімді жолдарын көрсетеді.

Айта кетейік, көшуге бел буған отбасының әр мүшесіне 79 мың 415 теңгеден субсидия беріледі. Барған жерінде жалға алар баспана ақысы мен коммуналдық төлемдері бір жыл бойына мемлекет есебінен өтеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу