Отбасының цифрлық картасында еліміздің 6,3 млн отбасы туралы ақпарат бар

529

"Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізгеннен кейін 7 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алды. 

Отбасының цифрлық картасында еліміздің 6,3 млн отбасы туралы ақпарат бар Фото: nur.kz

Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық ресурсына сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.

"Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 36 мың адамға мемлекеттік қызметтер бойынша SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланды" делінген хабарламада.

"Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесі  арқылы:

 жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем;

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы;

мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;

атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге болады.

"Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады", – делінген хабарламада.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті форматта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу