Өтелмеген салық үшін айыппұл салынбайды

1471

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.  

 Өтелмеген салық үшін айыппұл салынбайды

"Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда.

Бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасы қолданыстағы Салық кодексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасына өсімпұл есептеу қарастырылған, бұл ретте, заңнамамен айыппұл санкциялары қарастырылмаған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу