Өтемақыға өтініш беру мерзімі ұзартылды

Құжатқа сәйкес банктер салымшылардан өтініштерді 2023 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайды.  

Өтемақыға өтініш беру мерзімі ұзартылды Фото: FinGramota.kz

Қазақстанда теңгелік депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтініш беру мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына қол қойылды және ол ресми түрде алғашқы жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.    

Құжатқа сәйкес банктер салымшылардан өтініштерді 2023 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдауды жалғастырады. Осылайша бұған дейін өтініш беріп үлгермеген депозиторлар өтемақы алу бойынша келісімін растай алады. Мұны банктің депозит ашылған бөлімшесінде және ресми мобильді қосымша арқылы онлайн жасауға болады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың 1 қаңтарына қарай банктердің салымшылардан 303,9 млрд теңгеге өтініштер қабылдағанын хабарлайды. Бұл өтемақының әлеуетті жалпы сомасының 90,5%-ын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу