Өтініш бергендердің 7 мыңдайы ҰБТ тапсыруға келмеген

868

Қажетті межеден түлектердің 74,8 пайызы ғана өткен. 

Өтініш бергендердің 7 мыңдайы ҰБТ тапсыруға келмеген

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектердің төрттен бірі шекті балды жинай алмады. Осылайша 27 мыңнан астам адам сыннан сүрінген. ­­Ал тестілеуге қатысқандардың жалпы саны 110 мың 472 адамды құрайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қажетті межеден оқушылардың 74,8 пайызы ғана өткен. 

Жалпы, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін балды жинай алмаған оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, бұл көрсеткіш өткен жылы 15%-ды құраса,  биыл 25,2% -ға дейін ұлғайған. Оған қоса ҰБТ тапсыруға өтініш берген 117 мыңға жуық адамның тек 110 мыңы тест тапсырған. Өйткені түрлі себептермен тестілеуге 6 мың 800-ден астам адам келмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу