Өткен айда 2,3 мыңнан астам алтын құйма сатылған

794

2021 жылдың ақпан айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 59,2 кг 2 309 құйма сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен айда 2,3 мыңнан астам алтын құйма сатылған

Еске сала кетсек, Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,74 тонна 47 302 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма.

Жалпы сатылымдағы оның үлесі 28% – 12 932 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 10 830 дана (23%) және 20 грамдық – 10 637 дана (22%), 5 грамдық – 7 235 дана (15%), 50 грамдық – 5 668 дана (12%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу