Өткен айда ірі қара еті 15 пайызға қымбаттаған

1080

Өткен айда ірі қара еті 15 пайызға қымбаттаған

Қазақстанда 2017 жылғы шілде-қыркүйек айларында үйде ет және ет өнімдерін тұтынудың жан басына шаққандағы мөлшері 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға азайып, 17,8 кг-ды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Finprom.kz ақпаратына сүйенсек, қалалық жерлерде - 18,7 кг, ауылдарда 16,6 кг ет тұтынылады. Ет және ет өнімдерінің ішінде ірі қараның етіне сұраныс жоғары, орташа - - 5,6 кг сиыр еті (2016 жылғыға қарағанда 3,1%-ға аз) және 1,9 кг қой еті (6,8%-ға аз) тұтынылған.

2018 жылғы қаңтарда 1 кг ірі қара еті Қазақстанда 15,1%-ға қымбаттап, 1462,1 теңге болды. Қойдың еті бағасының өсімі де соған шамалас, яғни былтырғыға қарағанда 14,7%-ға көтеріліп, 1383,3 теңгеге жетті.

Ең қымбат сиыр еті - Астанада. Елордада 1 кг еттің бағасы бір жылда 19%-ға өсіп, 1654 теңгеге жетті. Екінші орындағы Алматыда 1627 теңге (+14,6%), ал Атырауда 1530 теңге (+17%).

Ет бағасының өсу қарқыны бойынша Оралға жететін қала болмай тұр. Батыс Қазақстан облысының орталығында 1 кг сиыр еті 25%-ға қымбаттап, 1400 теңге болды. Көкшетауда 23,6%-ға көтеріліп, 1403 теңгеге жетті, ал Жезқазғанда баға 23,1%-ға өсіп, 1474 теңгені құрады.

Ең қымбат қой еті де - Астанада. Елордалықтар бір жылда 15,4% қымбаттаған қой етінің 1 килограмына 1720 теңге төлеп отыр. Одан кейінгі орындарда 1632 теңгемен (+20,4%) Алматы және 1463 теңге (+4,4%) көрсеткішімен Ақтау келеді.

Қой еті бағасының күрт өсуі Жезқазғанда (28%, 1441 теңге), Шымкентте (26,8%, 1410 теңге) және Қызылордада (22,9%, 1352 теңге) байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу