Өткен айда қай өңірде инфляция жоғары болды?

549

 "Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, қазан айында 2,3%-дық инфляция Шымкентте байқалды", деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Өткен айда қай өңірде инфляция жоғары болды? Фото: zakon.kz

Ал Қостанай және Ұлытау облыстарында инфляция көрсеткіші 0,8%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,8%-ға төмен.

Бұл ретте азық-түлік тауарлары бір айда Шымкентте 3%-ға, Атырау облысында 0,8%-ға қымбаттады.

2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы бойынша көшбасшы - Астана қаласы. Мұнда 2,6% тіркелді. Ал ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсімді Алматы облысы көрсетті. 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда айлық инфляция 1,6%-ды құрады, ал жылдық есепте 18,8%-ға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу