Өткен айда Қазақстан мұнайы едәуір қымбаттаған

1095

Өткен айда Қазақстан мұнайы едәуір қымбаттаған

2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан мұнайының 1 тоннасы 46,1 мың теңге болды, деп хабарлайды LS.
Қарашадағы бағамен салыстырғанда қара алтын 1,3 пайызға қымбаттаған. Ал бір жылда 18,7 пайыз ғана өсім көрсеткен еді.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, желтоқсанда ең жоғары бағаланған Қызылорда мұнайы екен. Мұндағы шикізаттың тоннасы 68,7 мың теңге болған (жыл басынан бергі өсім – 29,8 пайыз, ал бір айда – 1,7 пайыз).

Ақтөбеде мұнай бағасы жылына 31,7 пайызға (тоннасына 51,7 мың теңгеге дейін), Маңғыстау мұнайы – 17,6 пайызға (тоннасына 41,9 мың теңгеге дейін), Атырауда – 15,4 пайызға (1 тоннаға 43,5 мың теңге) қымбаттаған. 
Ал бензиннің 1 тоннасының бағасы өткен айда 136,2 мың теңге болды. Ал жыл басынан бергі бағасы 9,7 пайызға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу