Өткен айда жол апатынан 99 адам қайтыс болды

1450

2019 жылы Қазақстанда 16,6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 2018 жылы 15,8 мың жол апаты болған еді. 

Өткен айда жол апатынан 99 адам қайтыс болды

Қаңтар айында Қазақстан жолдарында 99 адам қайтыс болды. Оның 30%-ы Алматы қаласында тіркелген, деп хабарлайды finprom.kz.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандыру бойынша сыйақылардың көлемі бір жылда 26%-ға, ал КАСКО бойынша 31%-ға өсті.  

Көлік құралдарына байланысты сақтандыру сыйлықақыларынан түсетін кірістер көлемі өскен. Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сыйақы бір жыл ішінде 26,4%-ға өсіп, 2019 жылы 76,7 млрд теңге болдыды, ал ерікті сақтандыру төлемдері 27,7%-ға, яғни 920 млн теңгеге өсті. КАСКО сақтандыру сыйақыларының түсімі жылда ең үлкен өсім көрсетті, яғни 30,6%-ға, 26,4 млрд теңгеге дейін өскен. 

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша қаражат төлеу де айтарлықтай артқан. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айы арасында 34,8%-ға, 29,7 млрд теңгеге дейін өсті. КАСКО төлемдері тек 13,8%-ға артып, 6,7 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру төлемдері 8,9%-ға, 82,3 млн теңгеге дейін төмендеді.
2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанда 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендердің саны азайып, шамамен 1,3 мың адамды құрады. Алайда олардың 99-ы қаза тапқан.

Аймақтардағы апаттар саны бойынша Алматы алда тұр. Оңтүстік астанада 259 ЖКО орын алған. Одан кейінгі орында Алматы облысы (119) мен Шығыс Қазақстан облысы (80) тұр.

Жалпы алғанда, 2019 жылы Қазақстанда 16,6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 2018 жылы 15,8 мың жол апаты болған еді. Жол-көлік оқиғасы құрбандарының саны 9,1%-ға артып, 24,6 мың адамға жетті. Оның ішінде 22,2 мың адам жарақат алып (+ 8,5%), 2,4 мың адам қайтыс болған (+ 14,7%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу