Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы онлайн брифингте мәлім етті. Өткен аптаның статистикасымен таныстырған ол ауыр қылмыстардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық сала орын алғанын айтады.
"Бір апта ішінде 3363 қылмыс жасалса, оның 2185-і бір тәулік ішінде ашылған. 15 кісі өлтіру фактісі тіркелді, оның 7 жағдайында қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтірілген. Салдарынан жәбірленушілер қайтыс болды. Менің ойымша, шарасыздарға әлімжеттік жасап, әлсіздерге қорған болудың орнына отбасын ойран қылып жатқандарға қазіргі қоғамда орын жоқ", – деді ол.
Құралай Құдайберген
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        