Өткен демалыста "Қарағанды-Балқаш" тас жолында екі ірі жол апаты болды

350

Салдарынан 13 адам зардап шекті.

Өткен демалыста "Қарағанды-Балқаш" тас жолында екі ірі жол апаты болды Фото: google.com

Өткен демалыста Қарағанды облысында екі ірі жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz. 

"5 тамыз күні Алматы-Екатеринбург автожолында төрт көлік құралының – Toyota Alphard және КамАЗ, Toyota Sienna және Shacman қатысуымен екі жол-көлік апаты болды. Аталған деректер полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік құралдары соқтығысқаннан кейін механикалық зақым алған. 13 адам зардап шекті. Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі және оның бес жолаушысы, КамАЗ жүргізушісі, Toyota Sienna көлігінің жүргізушісі мен алты жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу