Өткен демалыста мемлекеттік мекемелердің сайттарына жасалған хакерлік шабуылдың себептері аталды

919

Өткен демалыста мемлекеттік мекемелердің сайттарына жасалған хакерлік шабуылдың себептері аталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының интернет-ресурстарын бұзып кіру инцидентін тіркеді, деп хабарлайды аталған ведомоствоның баспасөз қызметі.

Барлығы, ҚР АКМ-нің "МТҚ" РМК-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеді.

Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.

Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу