Өткен тәулікте 119 адам қауіпсіз жерге көшірілді – ТЖМ

822

Өңірлерде 235 мыңнан аса еріген қар суы сорып шығарылды. 

Өткен тәулікте 119 адам қауіпсіз жерге көшірілді – ТЖМ

Өткен тәулікте 119 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өңірлерде тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелмеген.

"Бір тәулікте 119 адам адам қауіпсіз жерге көшрілді. Оның ішінде 106 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 13 адам туысқандарында орналастырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Ақтөбе облысында мамандар 15 саяжай бақылап отыр.

"Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар 3 автожолда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы 2 облыстық маңызы бар автожолда, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы 4 жергілікті маңызы бар автожолда және Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар учаскесіндегі 1 көпірде су тасып жатыр",  деп жазылған хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері өңірлерде 235 мың 874 м3 еріген қар суын сорып шығарды. Инертті материалдары бар 6 870 қап төселген.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардан 868 адам, 584 бірлік техника, 234 су сорғыш құралы және 15 жүзу құралы жұмылдырылды. 

Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 452 адам, 120 бірлік техника, 36 су айдау құралы, 9 жүзу құралы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу