banner

Өткен тәулікте 494 адамда коронавирус анықталды

430

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Өткен тәулікте 494 адамда коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 494 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб. 

Аймақтар арасында тағы да ШҚО-да ең көп жағдай тіркелді – 222. Одан кейінгі орында Павлодар облысы тұр – 50.

Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында індет жұқтырған – 35, Алматы қаласында – 25, Шымкент қаласында 8 адам тіркелген.

Ал Ақмола облысында – 29, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында – 7, Атырау облысында – 8, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 29, Қарағанды облысында – 20, Қостанай облысында – 18, Түркістан облысында –1, Солтүстік Қазақстан облысында 32 адамнан вирус анықталған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 114235.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу