Өткен тәулікте 750-ден аса адамнан коронавирус анықталды

781

Бүгінде 21 204 адам аурудан емделіп жатыр, 110 науқастың жағдайы өте ауыр. 

Өткен тәулікте 750-ден аса адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікті елімізде COVID-19 вирусын жұқтырудың 757 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 402 996-ға жетті.

Сондай-ақ өткен тәулікте 1065 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғады бері елімзде 378 707 адам COVID-19 вирусынан 
емделіп, сауығып шықты.

15 маусымдағы мәлімет бойынша 21 204 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 6 655 пациент стационарда, 14 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

Сонымен қатар 458 адамның жағдайы ауыр, 110 пациенттің жағдайы өте ауыр, 69 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бүгінде Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы. 

"Сары" аймақта": Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Жасыл аймақта": Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу