banner

Өткен тәулікте 820 адам коронавируспен тіркелді

482

Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

 Өткен тәулікте 820 адам коронавируспен тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Бұл жолы да тіркелгендер саны солтүстік өңірлер мен ШҚО-да көп. Қостанай облысында – 63, Павлодар облысында – 110, Солтүстік Қазақстан облысында – 114, Шығыс Қазақстан облысында 164 жағдай анықталды.

Сондай-ақ еліміздің басты қалаларында да жұқтырғандар саны күндегіден көп: Нұр-Сұлтан қаласында – 77, Алматы қаласында – 77.

Өзге өңірлерге келсек, Шымкент қаласында – 11, Ақмола облысында – 75, Ақтөбе облысында – 7 , Алматы облысында – 30, Атырау облысында – 14, Жамбыл облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 37, Қарағанды облысында – 19, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 3, Түркістан облысында 2 жағдай тіркелген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 128400.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу