Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

694

562 адам коронавирустан айыққан.  

Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Өткен тәулікте Қазақстанда 447 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 447 жағдайы тіркелген. Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандар саны 988 313 жетті.

Сондай-ақ 562 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 960 773 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 млн 990 мың 965 адам, екінші компонентін 8 млн 521 мың 29 адам салдырды.

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 348 мың 906 адам, екінші дозасын 143 мың 54  адам алған.  Оның ішінде:

Бірінші компонентін:

Жасөспірімдер – 280 784,

Жүкті әйелдер – 19 841,

Бала емізетін әйелдер – 48 261.

Екінші компанентін:

Жасөспірімдер – 115 872,

Жүкті әйелдер – 7 630,

Бала емізетін әйелдер – 19 547.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу