Өткен тәулікте Қарағанды облысында алты көлік өртенді

539

Жыл басынан бері облыста осы секілді 91 жағдай тіркеліпті.

Өткен тәулікте Қарағанды облысында алты көлік өртенді

Өткен тәулікте Қарағанды облысында алты көлік өртенді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның бірі жақын тұрған жерде қоқыс өртеніп, соның жалыны жетіп жанып кетсе, ал екі көліктің күлге айналуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болыпты. Ал өзгелері қозғалып бара жатқанда, жол үстінде өртенген.

Жыл басынан бері облыста осы секілді 91 жағдай тіркеліпті.

"Автокөліктегі өрттің жиі кездесетін себептері – қысқа   тұйықталу, жолаушылардың салонында темекі шегуі, отын жүйесінің дұрыс істемеуі, мұздатылған қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалануы, электр және газбен дәнекерлеу кезінде абайсыздық. Автокөліктерге уақтылы қызмет көрсету орталықтарында, оның техникалық жағдайын бақылауды және тексеруді уақтылы өткізуді ұсынамыз. Сондай-ақ, машинада өрт сөндіргіш болу керек және оны қолдана білу қажет",– дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу