Өткен тәулікте коронавируспен тіркелген 591 адамның 250-і шығыс қазақстандық

544

Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.  

Өткен тәулікте коронавируспен тіркелген 591 адамның 250-і шығыс қазақстандық

Қазақстанда өткен тәулікте 591 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Аймақтар ішінде тағы да ШҚО-да ең көп адам тіркеліп отыр. Өңірде бір күнде 250 адамнан індет анықталған. Шұғыл штабтың өңірлерге қатысты бүгінгі мәліметі төмендегідей:

НұрСұлтан қаласында – 34;
Алматы қаласында – 30;
Шымкент қаласында – 5;
Ақмола облысында – 30;
Ақтөбе облысында – 6;
Алматы облысында – 10;
Атырау облысында – 9;
Шығыс Қазақстан облысында – 250;
Жамбыл облысында – 4;
Батыс Қазақстан облысында – 49;
Қарағанды облысында – 20;
Қостанай облысында – 49;
Павлодар облысында – 68;
Солтүстік Қазақстан облысында – 25;
Түркістан облысында 2 адамнан COVID-19 анықталған.

Жалпы ел бойынша осы кезге дейін ауырғандар саны 114826-ге жетті. Оның 107339-ы емделіп шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу