Өткен тәулікте пневмониядан 17 адам көз жұмды

745

2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат.  

Өткен тәулікте пневмониядан 17 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады ДСМ.

1 тамыздан бері осы аурумен 8 054 адам тіркеліп, оның 86-сы қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирустық инфекциядан ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда күнделікті форматта жарияланатынын хабарлайды. Өңірлер бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің брифингтері барысында апта сайынғы негізде ұсынылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу