Өткен тәулікте Тайвань жағалауына Қытайдың 10 ұшағы мен 4 кемесі жақындады

449

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси өткен тамыздың басында Тайбэйге іс-сапармен барғалы бері ҚХАА өзінің ұшақтары мен кемелерін Тайваньға жіберуді әдетке айналдырған. 

Өткен тәулікте Тайвань жағалауына Қытайдың 10 ұшағы мен 4 кемесі жақындады Фото: img8.eadaily.com

Тайвань Қорғаныс министрлігі Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) 10 әуе кемесі мен 4 кемесі аралға жақындағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Тайвань әскери бөліміне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 06.00-де (Астана уақытымен 04.00) Тайваньның айналасында ҚХАА-ның 10 ұшу аппараты мен 4 кемесі тіркелді", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Y-8 радиолокациялық барлау ұшағы мен BZK-005 ҚХАА ұзақ қашықтықтағы ұшқышсыз ұшағы Тайваньның әуе қорғанысын анықтау аймағына кірді.

Бұған жауап ретінде патруль ауаға көтеріліп, радио ескертулер беріліп, зениттік зымыран кешендері орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу