Өткен тәулікте ТЖМ қызметкерлері 250-ге жуық адамды құтқарды

Оның 30-ы – бала.  

Өткен тәулікте ТЖМ қызметкерлері 250-ге жуық адамды құтқарды Фото: ҚР ТЖМ

Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен тәулікте, яғни 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 210 шақыртуға шықса, оның 91-і өрттер мен жану оқиғаларына болған. Сонымен қатар, 119-ы іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмысқа бағыт алған.

Бұл ретте 241 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылған және эвакуацияланған.

Өз кезегінде ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, күн райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырып отыр.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға күн райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды да ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу