Өткен түні Нұр-Сұлтаннан қала сыртына 37 622 текше метр қар шығарылды

844

3 165 рейс жасалған.

Өткен түні Нұр-Сұлтаннан қала сыртына 37 622 текше метр қар шығарылды

Нұр-Сұлтанда 2 қаңтардан 3-не қараған түні қар полигондарына 37 622 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Өткен түні қар тазалау жұмыстарына 1 246 техника бірлігі мен 170 жол жұмысшысы жұмылдырды. Нәтижесінде, 3 165 рейс жасалып,  37 622 текше метр қар қала сыртына төгілді",– делінген хабарламада.

Ал бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 282 техника бірлігі мен 1 629 жол жұмысшысы тартылған.

"Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 2 935 786 текше метр қар шығарылды (24 4678 рейс)",– деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу